ОНЛАЙН-КУРС

1 жылда 60 КІТАП

қиналмай, оңай оқу

Курс 16 сәуір күні басталады

ОНЛАЙН-КУРС

1 жылда 60 КІТАП

қиналмай, оңай оқу

Курс 16 сәуір күні басталады

Не үшін кітап оқу керек?

Кітапты «кітап оқу» үшін оқымайды. Кітапты өзін дамыту үшін немесе белгілі бір салада тәжірибе жинау үшін оқиды. Бұл курс сізге тиімді оқуды ғана емес, сізге жылдық мақсат қоюды, кітаптың көмегіне жүгініп мақсатқа қарай күнделікті, жүйелі қадам жасауды үйретеді.

Бұл курс саған не береді?

Тиімді оқу техникасы

Тиімді оқу техникаларымен танысасың: дұрыс оқу, материалды конспектілеу, ойлау қабілетін жақсартатын жаттығулар. Сонымен қатар, кітаптар мен тексттермен жұмысты жеңілдетуге бағытталған түрлі лайфхактарды үйренесің.

Дұрыс оқуды үйренесіз

1 аптаның ішінде оқу жылдамдығын дұрыс қалыпқа келтіресің. Оқығанды бірден түсініп, есте сақтауды үйренесің. Керекті салада өсуге қажетті кітаптардың нақты тізімін жасап, мақсат қоясың. 

Өзіңді әрі өміріңді жақсартасың

Күнделікті дамытатын, артықшылықты арттыратын және өмірдің сапасын жақсартып, табыс деңгейіне де әсер ететін әдеттерді игересің.

Курс саған арналған, егер сен..

Кітап бетін ашқанда, ұйқың келсе

Күнделікті оқу әдетін қалыптастыра алмай жүрсең

Оқығанды лезде ұмытсаң

Өзіңді кітап оқу үшін қинайтын болсаң

Кітап таңдауды білмей: өзіңе қажетсіз кітап оқысаң

Оқисың-оқисың, бірақ өмірде ештеңе өзгермесе


Бағдарлама:

Курс өте қызықты 8 видео-сабақтан құралған. Әр сабақтың үй тапсырмасы және практикалық тапсырмасы бар.

1 сабақ. Тиімді оқу дегеніміз не?

Кітап оқуды жақсы көрмеудің себебін анықтаймыз. Тиімді оқу деген не, оны қалай игеруге болады деген сұрақтарды ретімен талдаймыз. Жеке жылдық жоспарыңызды қоямыз.

2 сабақ. Кітапты қалай таңдаймыз?

Өзіңе пайдасын тигізетін қажетті кітапты таңдап үйренеміз. Кітап таңдаудың түрлі жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйренеміз.

3 сабақ. Электронды кітап әлде қағаз кітап?

Электронды және қағаз кітаптың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерімен таныс боласың. Өзіңе қолайлы вариантты таңдайсың.

4 сабақ. Неліктен біз баяу оқимыз?

Бізді мектепте оқуды қалай үйретті? Бізге жылдам оқуда кедергі келтіретін олқылықтардың орнын толтырамыз. Бұл сабақта саған жылдам оқуға көмектесетін әдісті игересіз.

5 сабақ. Ойлау қабілетін жақсартатын жаттығулар.

Күніне тек 5 минутыңызды ғана жұмсап, мидың жұмысын, жадыңызды жақсартып  және қабылдау жылдамдығын арттыратын жаттығуларды үйренесіз.

6 сабақ. Кітапты қалай дұрыс конспектілейміз?

Кітапты немесе тексттегі ақпаратты есіңде ұзақ әрі тез сақталатындай етіп конспектілеудің жолын үйренесіз.

7 сабақ. Күнделікті кітап оқу әдетін  қалыптастырамыз.

Ешбір артық күш жұмсамай, қиналмай күнделікті оқуды қалай жоспарлауды үйренесіз. Бірнеше тәсілдер мен пайдалы қосымшалармен бөлісеміз.

8 сабақ. Кеңестер мен лайфхактар

Болашақта туындауы мүмкін проблемаларды талдаймыз. Күнделікті сізге пайдасын тигізетін, оқуды жеңілдететін лайфхактар мен кеңестермен бөлісеміз.

Құны:

8 000 тг 4 990 тг

Жиі қойылатын сұрақтар:

Курс қалай өтеді?

Курс арнайы платформада видео-сабақ форматында өтеді. Әр сабақтың үй тапсырмасы мен практикалық жаттығулары бар.

Курс қашан басталады?

Курс 16 сәуір күні басталады.

Курс ұзақтығы қандай?

Курс 8 күнді құрайды. Күн сайын сізге жаңа сабақ ашылып отырады. Сабақтар платформада 2 ай көлемінде қол жетімді.

Курсты ортасынан тоқтатып қойып, кейін жалғастырсам бола ма?

Курсқа доступ ашылған уақыттан бастап, 2 ай көлемінде сабақ қарауға болады. Осы уақыт аралығында курсты қолайлы уақытта өте аласың.

Курсқа доступты қалай аламын?

Каспи голд арқылы төлем жасасаңыз, чекті +7 775 253 5577 номеріне уатсапқа жіберсеңіз, кері жауап ретінде сілтеме, логин, пароль келеді. 

Курс барысында сұрақтар туындаса, кімге қоя аламын?

Сұрақтарды әрбір сабақтың астында комментарий бөлімінде қоюға болады. Немесе бізге WhatsApp желісінде хабарлама жолдасаңыз болады. Сұрақтарға мейлінше қысқа уақыт аралығында жауап беруге әзірміз.